Жаңалықтар

Айымның асуы

    Жуырда Астана қаласынан сүйіншілі хабар жетті. №16 мектептің 3 «А» сынып оқушысы Айым ДҮЙСЕНБАЕВА «Елбасына хат» республикалық байқауында І жүлделі орынға ие болды.

    Байқаудың ережесіне сай, жеңімпаз бүлдіршін эссе жазыпты. Сондай-ақ, Айым «Жас ғалым» республикалық ғылыми жобасына қатысып, «Білімді ұрпақ – ұлт болашағы» номинациясы бойынша да топ жарды. Жұмысы арнайы жинаққа шықты.

Бұл жеңісімді ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймын, – дейді Айым.

     Үздік шәкірттің ұстазы – Айгүл Жандәулетова. Білікті ұстаз, тәжірибелі маман. Айгүл Тиыштықбайқызының еңбегі бұған дейін де облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі марапаттарға лайық деп танылып келеді.

     Айымның алар асуы алда. Тіл-көзден сақтасын!

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button