Бас тақырыпБілім

Аймақтың ауыл мектептері жоғары жылдамдықты интернетке қосылды

Қарағанды облысының ауылдық мектептеріне 20 мамырдан бастап жоғары жылдамдықты интернет қосыла бастады. Бүгінде аймақта 42 оқу орны, оның ішінде шалғай ауылдарда Starlink технологияларының көмегімен сапалы интернет байланысымен қамтамасыз етілді. Шілде айының соңына дейін жоғары жылдамдықты интернет өңірдің тағы 64 мектебінде пайда болмақ.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Starlink – Илон Масктің SpaceX компаниясының өнімі. Интернет жоқ немесе әлсіз жерлерде жоғары жылдамдықтағы кең жолақты спутниктік байланысты қамтамасыз етеді. Спутниктері орбитада Жерден 300 шақырымға дейін қашықта орналасқан.

Көкпекті жалпы білім беретін мектебі интернет жылдамдығы төмен мектептердің бірі болған. Бұрын бұл оқу ордасында интернет жылдамдығы – 8 Мбит/с дейін болған.

– Starlink бізге 25 мамырда орнатылды. Бұл өте жақсы мүмкіндіктер береді. Мұғалімдер мен оқушылар риза, жаңа оқу жылында жақсы интернет болады. Бізде төрт информатика кабинеті бар және 100 компьютер бар. Олар әр оқу кабинетінде орнатылған. Бұрын төмен жылдамдыққа байланысты бір мезгілде барлығы жұмыс істеу үшін интернетке кіру мүмкін болмады. Енді бұл мәселе шешілді. Мұғалімдер кез келген цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана алады, кез келген уақытта көп күтпестен бейне сабақтар өткізе алады, – деді Көкпекті ОМ директоры Гаухартас Жаймина.

Жабдыққа мектептің төбесіне орнатылған спутниктік табақ, сондай-ақ бірінші қабаттағы штатив пен маршрутизатор кіреді. Барлық кабинеттер бойынша жергілікті желі жүргізілді.

– Облыс бойынша бізде 410 мектеп бар, оның 106-сында интернет жылдамдығымен проблемалар болды. 20 мамырдан бастап олар SpaceX компаниясының Starlink технологиясы бойынша кең жолақты интернетке қосыла бастады. Жұмысты шілде айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жобамен барлығы 8,5 мың бала қамтылады, – деді ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Жұмаханов.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы бойынша 2027 жылға дейін облыстың 164 елді мекенінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жоспарлануда. Бұл ауылдық мектептердегі интернет жылдамдығын барынша жоғары көрсеткіштерге жеткізуге мүмкіндік береді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button