АймақЖаңалықтар

Аймақта бірқатар коммуналдық қызмет тарифтері арзандады

Қарағанды облысында реттелетін қызметтер көлемінің артуына байланысты бірқатар тарифтер төмендетілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті хабарлады.

Сурет ЖИ

Ведомство мәліметінше, тарифтердің төмендеуіне қызмет көлемінің ұлғаюы әсер еткен. Бұл шығындарды оңтайландырып, тұтынушылар үшін қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік берген.

Атап айтқанда, «Сарыарқа» АЭА» АҚ үшін келесі тарифтер қайта қаралды:
– су тарату желілері арқылы су беру қызметі 1 м³ үшін 152,07 теңгеден 111,47 теңгеге дейін төмендеді (27%);
– жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жол ұсыну қызметі 1 вагон/км үшін 1 656,12 теңгеден 1 529,26 теңгеге дейін азайды (8%);
– электр энергиясын беру қызметі 1 кВт·сағ үшін 0,55 теңгеден 0,52 теңгеге дейін төмендеді (5,5%).

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button