Бас тақырыпРесми

Аймақ басшысы облыс тұрғындарына үндеу жасады

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қала тұрғындары мен қонақтарына ауа райына байланысты үндеу жасады. 

Сурет: gov.kz

– Құрметті облыс тұрғындары, ауа райы мен жол қозғалысының жағдайы туралы арнайы қызметтердің хабарламаларын назардан тыс қалдырмауларыңызды сұраймыз!

Қатты жел, қарлы боран, көктайғақ ауыр зардаптарға әкеледі. Тек соңғы тәулікте төтенше жағдайлар қызметкерлері бес адамды құтқарып, 182 адамды, оның ішінде 12 баланы эвакуациялады.

Облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдарда жол полициясы тәулік бойы жұмыс істеуде. Олар сондай-ақ тас жолдар жабылғанына қарамастан, өз өмірлерін қатерге тігіп, қалалар мен елді мекендердің сыртында жүретін автокөлік жүргізушілерін қар құрсауынан құтқаруда.

Өңіріміздегі республикалық маңызы бар тас жолдарға «ҚазАвтоЖол» қызмет көрсетеді. Бүгінде жолдарда 83 арнайы техника жұмылдырылған. Барша тұрғындарға тағы бір рет ескертеміз: қолайсыз ауа-райында қалалар мен елді мекендерден тыс сапарға шықпаңыздар, сақ болыңыздар: далада көктайғақ және қатты жел!

Барлық оқиғалар бойынша 112, (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласу керек, – деп жазды Ермағанбет Бөлекпаев өз Instagram парақшасында.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button