Айласын асыра алмады

     Қарағанды қаласының тұрғыны түрмеге ұялы телефон алып кірмекші болды. Әйелдің құйтырқы айласы тексеріс барысында әшкерленді. Тыйым салынған заттарды, атап айтқанда, ұялы телефонды, қуаттағыш құрылғысын және екі SIM-картаны спорт аяқкиімінің табанына салып өткізіп, танысына беруді ойластырған. Бұл жөнінде Қарағанды облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкері Есімжан БАЙТАСОВ мәлімдеді.

АК-159/1 түзету мекемесінің сәлем-сауқатты қабылдайтын бөлмесінде тексеру кезінде тыйым салынған заттар спорт аяқкиімнің табанына жасырылғаны белгілі болды. Күдікті ұялы телефонды қатты резеңке табаны бар спорт аяқкиімінің ұлтарағаның астына жасырған екен. Айтулы жағдайға барған әйел өз істеген ісін мойындады. Енді, ол Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 481-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін, – деді Е.Байтасов.

Өз тілшімізден.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.