Балқаш

«Айгөлектің» бір күні

С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы «Балбөбек» шағын орталығының «Айгөлек» ІІ кіші тобында тәрбиеші Аяулым Бақытқызының ашық сабағы өтті. Шығармашылық білім беру саласы бойынша «Қар» тақырыбында өткен сабақ өте қызықты өрбіді.

Тәрбиеші балаларға қыс әлеміне еніп, жақсы көңіл-күй сыйлауды, оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамытуды, үстел үсті және шарлар театры арқылы сөздік қорын молайтуды, сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамытуды мақсат етіп, сурет бөлімі бойынша ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің мазмұнын аша алды.

Әсіресе, саусақ моторикасын дамыта отырып, жапалақтап жауып тұрған қардың суретін сулы бояумен бейнелеткені бүлдіршіндерге де өте ұнады.

Әсем ТҰРҒАНБАЕВА,

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы мектепалды даярлық тобының мұғалімі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button