Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды
Астанада өтіп жатқан «Әділет» партиясының құрылтай съезінде партия төрағасы болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Айбек Дәдебай сайланды.

Съезд барысында делегаттар Орталық бақылау-тексеру комиссиясының құрамын бекітті. Одан кейін Саяси кеңес мүшелері партияның Саяси кеңесі бюросының құрамына дауыс берді деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі zakon.kz– ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар, партия төрағасы лауазымына Айбек Дәдебай ұсынылып, оның кандидатурасын съезд делегаттары қолдады.
Айбек Дәдебай 2026 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған болатын. Ол бұл қызметті 2024 жылғы 6 ақпаннан бастап атқарып келген.
2026 жылғы 15 сәуірде бастамашыл топ “Әділет” атты жаңа саяси партия құру ниеті туралы ресми мәлімдеме жасаған.
2026 жылғы 16 сәуірде партияның ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен жаңа саяси бірлестік құру туралы хабарламаның берілгенін растайтын құжат алғанын ресми түрде жариялаған.
Бүгін, 7 мамырда Астанада өткен құрылтай съезінде “Әділет” партиясын құру туралы шешім қабылданды.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



