Бас тақырыпРесми

Аида Балаева: Мектеп оқулықтарында 700-ден астам қате анықталған

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында мектеп оқулықтарын жаңарту мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Аида Балаеваның атап өтуінше, қолданыстағы оқулықтар бойынша 700-ден астам ескертпе мен қате анықталған. Олардың қатарында техникалық және стильдік кемшіліктер, деректік қателер, мазмұнға сәйкес келмейтін иллюстрациялар, оқу бағдарламаларымен үйлеспейтін материалдар және ескірген әдістемелік тәсілдер бар.

Аида Балаева әсіресе ұлттық мазмұнға бейімделмеген материалдардың пайдаланылуы, математика пәніндегі қате анықтамалар мен есеп шығару жолдары, оқу бағдарламасында қарастырылмаған шығармалардың енгізілуі және тарихи оқиғаларға қатысты жаңсақ пайымдар алаңдаушылық тудыратынын атап өтті.

Оның мәліметінше, бірқатар оқулықтар белгіленген жаңарту мерзімінен әлдеқайда ұзақ уақыт бойы қайта қаралмаған. Кейбір оқу басылымдары тоғыз жылға дейін елеулі өзгеріссіз қолданылып келген.

Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңартуды жоспарлап отыр. 2026 жылғы 30 тамызға дейін 3 және 7-сыныптарға арналған оқулықтар, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 4 және 9-сынып оқулықтары, ал 2027 жылғы 1 сәуірге дейін 8-сынып оқулықтары жаңартылады.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button