Қадір түні ұйықтамау шарт па?
Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес.
Себебі Айша анамыз:
(Алла Елшісі) таң атқанша түнді (барлық бөлігін) намазбен өткізген емес», – дейді.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде:
– Сендерге мына ай келді. Бұл айда мың айдан артық түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, жақсылық атауынан құр қалғаны. Оның жақсылығынан тек қана нағыз мақұрым адам ғана құр қалады, – деген.
Сондықтан мұсылман адам барынша осы түнді құлшылықпен өткізіп, сауаптан құр қалмауға тырысуы қажет. Ал шаршаса кішкене тынығып, кейін ары қарай құлшылығын жалғастырудың оқасы жоқ.
«Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан