Қадір түні – 2023: Қадір түні – мың айдан да қайырлы

Биыл Қадір түні сәуірдің 17-нен 18-іне қараған түнге сәйкес келіп тұр.

Сурет: amin.kz

Қадір түні араб тілінде Ляйлятуль-Кадр немесе Аль-Кадр деп айтылады. Мағынасы “қасиетті, қадірлі, құдіретті, маңызды түн” дегенді білдіреді. Қадір түнінде Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште келіп, Құранды берген деп саналады. Бұл Рамазан айының аяғы, яғни он түнінің бірі болған. Ораза айында мың айдан да қадірлі түн бар екені айтылады. Бұл түн Қадір түніне сәйкес келеді. Қадір түні туралы Құран Кәрімнің “Қадір сүресінде” де айтылған.

Құранда Қадір түні оразаның соңғы он түнінің бірінде екені айтылған, бірақ нақты күні айтылмаған. Бұл түні періштелер жерге түсіп, береке орнайды деп саналады. Періштелердің жерге түсуі Қадір түнінің маңызды екенін көрсетеді.

Қадір түнінде не істеу керек?

Қадір түні басталғанға дейін толық дәрет алған жөн, сонымен қатар, теріс ойлардан жаны мен жүрегін аулақ ұстаған дұрыс. Осы түнде жасаған күнәлар үшін кешірім сұрап, өкініп, көп дұға еткен жөн. Құлшылық жасап, сауапқа кенелетін ең ұтымды уақыт – қадір түні. Сонымен қатар, Құран оқып, мағынасын түсініп, діни білім алған абзал екені айтылады. 

Қадір түнінде не істемеу керек?

– Зиян нәрселерден аулақ болған жөн;

– Дінде рұқсат етілмеген нәрселерді істеуге болмайды. Мысалы, ішімдік ішуге болмайды;

– Біреудің сыртынан ғайбат айтуға, бос әңгімеге үйір болуға болмайды;

– Түнде ұйықтамаған абзал, оның орнына құлшылық еткен жөн;

– Ұрысуға, біреу туралы жаман нәрсе айтуға болмайды;

– Фильмдер мен ойын-сауық бағдарламаларын көріп, уақытты бос өткізуге болмайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.