Күні кеше қаладағы Қ. Аманжолов көшесіндегі ірі жол апатынан үш адам зардап шегіп, бір адам қаза тапқанын жазған болатынбыз. Бүгін жол-көлік оқиғасына себепкер болған 55 жастағы жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
– Алдын ала мәлімет бойынша, “Lexus” жүргізушісі жылдамдықты шектен тыс асырған. Полиция қызметкерлері Жедел басқару орталығынан бейнебақылау камераларының жазбаларын алып, тергеу амалдарын жүргізуде. Қылмыстық істің тергеу барысы Қарағанды облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Видео: ПД
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.