Ақтүбектің ақ түлегі

    Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Еліміздің болашағы жастардың қолында» деген ұлағатты сөзінің өміршеңдігі жалғасын тапты. Алматы қаласында өткен «Асыл мұра» дәстүрлі ән және музыкалық аспапта орындаушы балалар мен жасөспірімдер арасындағы ІХ республикалық ән-би байқауының «Көркем сөз» номинациясы бойынша Ақтүбек мектебінің 11 сынып оқушысы Бексұлтан Мағрұпжан І дәрежелі дипломға ие болып, лауреат атанды.

Сондай-ақ, мектебіміздің үлгілі ұстазы Сағаш Батталова Алғыс хатпен марапатталды. Мұндай құрмет ардақты жанға өнерпаз шәкірттерге білім мен тәрбие берудегі, өскелең ұрпақ бойындағы азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы ерекше еңбегі үшін берілді. Ұстаздың бұған дейін де ҚР жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясы шығарған кітапша жинағында ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары бағаланған. Сөйтіп, «Тәжірибелі шығармашыл ұстаз» төс белгісімен марапатталған.

Гүлмира ӘБДІҚАСОВА,

Ақтүбек ЖОББ мектебінің

директоры.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.