Бас тақырып

Ақсу ауылы: үйлері жарамсыз деп танылған 24 отбасыға жаңа баспана берілді

Республикалық телеарнаның тікелей эфирінде «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафоны өтуде. Телемарафонда аймақтағы ахуал айтылып, су тасқынынан кейінгі жағдай баяндалды. Шерубай-Нұра өзені арнасынан тасып, салдарынан Ақсу ауылындағы 24 үйді су басып қалған.

Суреттер: тікелей эфирден скриншот

Зардап шеккендердің қатарында Жұмажан әулеті де бар. Әулеттің үш ұрпағы бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқан бақытты отбасы. Алайда, тасқын судың салдарынан баспана жарамсыз деп танылған. Осы отбасыға мемлекет тарапынан жаңа баспана берілді.

Одан бөлек, Красная поляна және Ақсу ауылындағы үйлері жарамсыз деп танылған бірнеше отбасыға баспана кілті табысталды.

Көкшетауда су тасқынынан зардап шеккен 11 отбасы да баспаналы болды. Ал, бұның бәрі мемлекеттік қор есебінен жүргізілген. Тек баспана емес, баспананың жөндеу жұмыстары, барлық жиһазы, тұрмыстық техникасы да мемлекет қаражатына алынған.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button