Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қарағандыға келді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Қарағанды облысына іс-сапармен келді. Ол «Достық» үйінде өткен мүгедектігі бар азаматтарға арналған іс-шараға қатысып, көпшілікке үлгі болып жүрген бірқатар азаматтарды марапаттады. Шараның ашылу салтанатында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі.
Елімізде мүгедектігі бар жандардың құқығын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар іске асырылуда. Қоғамда мүгедектігі бар адамдардың мүддесі қорғалып, жергілікті билік органдарымен бірлесе жұмыс жүргізілуде. Олардың өмір сүруін жеңілдетуге, жақсартуға барынша жағдай жасап келеді.
Аталмыш іс-шара мүгедектігі бар адамдардың мәселелеріне көпшіліктің назарын аударуға, оларды әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өмірге тартуға бағытталған. Сонымен қатар, министр С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрында өтетін Үкіметтік емес ұйымдарға арналған салтанатты марапаттау рәсіміне қатысуда. Бұл туралы толық ақпаратты газеттің сенбілік нөмірінен оқи аласыздар.