«Қасіретті КарЛаг» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтпек
Қарағанды қаласы әкімдігі мен Жазушылар одағының Қарағанды облысы филиалының ұйымдастыруымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Қасіретті КарЛаг» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді.

Мүшәйраның мақсаты: Өткенге салауат айтып, тарихтың ақтаңдақтарына бүгінгі көзқараспен әділ бағасын беру, өлең-жыр арқылы тарихымызды насихаттап, қасіретті жылдарға ел назарын аударту. Карлаг – жалғыз қазақтың емес, жарты әлемнің қасіреті.
Мүшәйра шарты:
Бірінші шарт: Мүшәйраға 18-40 жас аралығындағы ақындар қатыса алады. Әр қатысушы үш өлең жолдауы тиіс.
1) Саяси қуғын-сүргін құрбандарына, КарЛаг қасіретіне арналған.
2) Алаш Орда қайраткерлері, (Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермек, Ақбайдың Жақыбы т.б) немесе 1932 жылғы ашаршылық тақырыбы.
3) Еркін өлең.
Екінші шарт: қатысушының толық аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны мен қызметі, оқу орны мен курсы, тұрғылықты мекен-жайы, электронды поштасының мекен-жайы, телефондары (жұмыс, ұялы), өлеңдерінің тақырыбы, қысқаша шығармашылық өмірбаяны, жеке куәлігінің сканерленген көшірмесі жіберілуі тиіс.
Үшінші шарт: байқауға ұсынылатын өлеңдер бүркеншік есіммен салынуы керек.
Төртінші шарт: шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт), жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) ұсынылуы қажет;
– жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды;
– қабылданған шығармаларға пікір берілмейді;
– қабылданған шығармалар авторға кері қайтарылмайды;
Мүшәйра кезеңдері:
- Іріктеу кезеңінде қазылар алқасы барлық қабылданған шығармаларды саралап, ақтық сынға шығатын үміткерлерді іріктейді.
- Ақтық кезеңге іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер қатысып, өз шығармаларын мәнерлеп, жатқа оқу арқылы өнерлерін көрсетеді.
Мүшәйраның жүлде қоры:
Мүшәйраның жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Жүлде қоры: 1 орын (біреу) – 750 000 (жеті жүз елу мың) теңге;
2 орын (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
3 орын (біреу) – 300 000 (үш жүз мың) теңге;
арнайы сыйлық (үшеу) – 100 000 (жүз мың) теңгеден,
ынталандыру сыйлықтары (үшеу) – 50 000 (елу мың) теңгеден.
Мүшәйраға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса, қарсылық болмайды.
Қатысушылар жол шығынын өздері көтереді. Жатын орны мен қонақасына ұйымдастырушы тарап жауапты.
Мүшәйраға қатысу:
Мүшәйраға қатысу үшін үміткерлердің тапсырыстары (үлгідегі кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары 2023 жылдың 25 мамырына дейін jazushy_o_qaragandy@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.
Анықтама телефоны:
8 (701) 177 66 01 Жанат Жаңқашұлы
8 (778) 641 97 27 Асхат Қажытай
Қосымша 1
«Қасіретті КарЛаг» атты республикалық мүшәйрасына қатысуға өтінім үлгісі
№
Тегі, аты, әкесінің аты
Туған жылы, айы, күні
Қала, аудан атауы
Жұмыс/оқу орны
Байланыс телефондары
Екінші файлда:
№
Бүркеншік есімі (лақап аты)
Мүшәйра талабына сай үш тақырыптағы өлең.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz