Қарағанды облысында сайлаушылардың 56,42 пайызы дауыс берді
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысу көрсеткіштері белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы ұсынған сағат 20:00-дегі алдын ала қорытындысына сәйкес, Қарағанды облысында сайлаушылардың 56,42 пайызы дауыс беріп, өз таңдауын жасаған.

Орталық сайлау комиссиясы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы алдын ала деректерін жариялады.
– Астана қаласы – 42,92%
– Абай облысы – 68,22%
– Ақмола облысы – 56,08%
– Ақтөбе облысы – 75,69%
– Алматы облысы – 60,41%
– Атырау облысы – 54,16%
– Батыс Қазақстан облысы – 55,27%
– Жамбыл облысы – 61,92%
– Жетісу облысы – 74,09%
– Қарағанды облысы – 56,42%
– Қостанай облысы – 57,14%
– Қызылорда облысы – 71,58%
– Маңғыстау облысы – 61,86%
– Павлодар облысы – 60,23%
– Солтүстік Қазақстан облысы – 62,75%
– Түркістан облысы – 77,58%
– Ұлытау облысы – 54,61%
– Шығыс Қазақстан облысы – 65,48%
– Алматы қаласы – 37,70%
– Шымкент қаласы – 44,72%
Республика бойынша сағат 20:00-де тізімге енгізілген сайлаушылардың 58,55% дауыс берді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ,



