ЖаңалықтарСпорт
Қарағандылық спортшы әлем чемпионатына қатысады
21-28 қараша аралығында Түркияның Ыстамбұл қаласында үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсететін спортшылардың қатарында қарағандылық Алан Құрманғалиев те бар.

Қарағандылық спортшы әлем біріншілігінде жекелей сында бақ сынайды. Әрі жұптық жарыстарға да қатыспақ. Ерлер арасындағы жұптық сында жерлесіміз Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетсе, аралас жұпта мысырлық Хана Годамен бірге сынға түседі.
Әлем чемпионатына 50 елдің спортшылары қатысады деп күтілуде. U19 және U15 жас санатында барлығы 14 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ,
Ortalyq.kz



