Жаңалықтар

Ғылым мен білімді дамыту – ел болашағына салынған инвестиция

Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде оқу орнының еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуі өтті. Жиынға «Әділет» партиясынан ұсынылған кандидаттар Жұрағат Баман, Елдос Жүнісов, Зара Шалабаева және Дархан Тілемісов қатысты.

Кездесу барысында отандық ғылымды дамыту, жоғары білім беру сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді қолдау және университеттердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосатын үлесін күшейту мәселелері талқыланды.

Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасындағы білім мен ғылым саласына қатысты басым бағыттарды таныстырып, ғылыми әлеуетті арттырудың, жас зерттеушілерді қолдаудың және жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жетілдірудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, ғылыми жаңалықтарды тәжірибеге енгізу және университеттердің халықаралық ынтымақтастығын дамыту мәселелері қозғалды.

– Ғылым мен білім – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізгі тіректерінің бірі. Университеттер тек маман даярлайтын орын ғана емес, жаңа идеялар мен ғылыми жаңалықтардың орталығы болуы керек. Сондықтан зерттеушілерге қолдау көрсету, жастардың ғылымға қызығушылығын арттыру және ғылыми ізденістердің нәтижесін өндіріспен ұштастыру маңызды», – деді Зара Шалабаева.

Кездесу барысында университет ұжымы өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ғылым мен білім саласын дамытуға қатысты пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Басқосуға шамамен 150 адам қатысты.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қарағанды облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Б.Қ. Алтынбеков.

Төлем «Әділет» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған сайлау қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button