Бұқар жырауАймақЖаңалықтар
Бұқаржыраулық жас бишілер республикалық байқауда топ жарды
Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінің «Гүлдер» би тобы Астана қаласында өткен «ASTANA GRAND STAR FEST» көпжанрлы өнер байқауында жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Байқаудың «Хореография» номинациясы бойынша 11–14 жас аралығындағы бишілер орындаған «Жайлауда» биі І орынға ие болды. Ал 7–10 жас аралығындағы бишілердің «Мен сурет саламын» биі ІІ орынды иеленді.
Өнер додасына жас бишілерді дайындап, олардың шеберлігін шыңдап жүрген «Гүлдер» би тобының жетекшісі Әбуғалиева Балауса және Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінің ұжымына Алғыс хат табысталды.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



