Бас тақырыпЖаңалықтар

Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі болып қайта тағайындалды

Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына қайта тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет министрліктен

Саясат Нұрбек бұл қызметті 2022 жылдан бері атқарып келеді. Ол бұған дейін Мәжіліс депутаты және цифрлық даму саласында басшылық қызметтер атқарған.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button