Жаңалықтар
Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
Құрылтайдың жалпы отырысында жоғары заң шығарушы орган төрағасы Айбек Дәдебайдың үш орынбасары сайланды. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, Құрылтай төрағасы орынбасарларының кандидатураларын өзі ұсынады. Оларды депутаттар көпшілік дауыспен сайлайды.

Құрылтай төрағасының орынбасарлары қызметіне үш кандидат ұсынылды. Олардың қатарында Нұрлан Құдиярұлы Бекназаров, Дәния Еспаева және Динара Зәкиева бар.
Кандидатуралар депутаттардың қарауына ұсынылып, дауыс беру арқылы сайланды.
Осылайша, Құрылтайдың алғашқы сессиясында жаңа заң шығарушы органның негізгі басшылық құрамы толық қалыптасты.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



