Бас тақырыпЖаңалықтар

Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді. Өңір тұрғындары баспана мәселесі, кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік қорғау бағыттарына қатысты өтініштері мен сауалдарын жеткізді,деп хабарлайды облыс әкімдігі.

Суреттер облыс әкімдігінен

Қабылдау барысында тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесін көтерді. Атап айтқанда, баспана алу, тұрғын үй жағдайын жақсарту, сондай-ақ тұрғын үй бағдарламаларына қатысу тәртібіне қатысты сұрақтар қойылды.

Сонымен қатар азаматтар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, медициналық және әлеуметтік көмек алу, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдау мәселелері бойынша жүгінді.

Облыс әкімі әрбір өтініш бойынша тиісті түсініктеме берді. Жауапты мемлекеттік органдарға тұрғындар көтерген мәселелерді жан-жақты қарап, қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Материалды әзірлеген Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ 

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button