Қазақстандық қақпашы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнайды
Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі Әзербайжанның «Сабах» клубының капитаны Стас Покатилов командасымен бірге алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды.

«Сабах» өз алаңында Израильдің «Хапоэль» (Беэр-Шева) клубын қосымша уақытта 5:2 есебімен жеңді. Алғашқы кездесуде әзербайжандық команда сырт алаңда 1:2 есебімен ұтылған еді.
Шешуші ойында Покатилов қақпаны қорғап, команданың тарихи жеңісіне үлес қосты. Осылайша, тоғыз жыл бұрын құрылған «Сабах» клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты.
Матчтан кейін Стас Покатилов жеңістен кейінгі эмоциясын бөлісті. Қақпашы команданың көптен күткен арманы орындалғанын айтып, алдағы жеребені асыға күтетінін жеткізді.
«Сабах» 2025/26 маусымында Әзербайжан чемпионы атанып, ел кубогын да қатарынан екі рет жеңіп алған.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



