Ел тілегі – ертеңге аманат
Құрылтай сайлауы қарсаңында саяси партиялар Қарағанды облысында сайлауалды науқан аясында бірқатар шара өткізді. Партия өкілдері тұрғындармен және түрлі сала мамандарымен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын, әлеуметтік-экономикалық даму, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, экология, білім беру және өңірдегі өзекті мәселелерді талқылады.

Атап айтсақ, «Әділет» партиясының өкілдері Әлихан Бөкейхан ауданындағы №11 емхана ұжымымен кездесті. Жиын барысында партияның ұстанымы мен сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Кездесуде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды.
Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту сөз болды. Партия өкілдері алдағы Құрылтай сайлауының маңыздылығына тоқталып, азаматтарды сайлау процесіне белсенді қатысуға шақырды. Бағдарламада қамтылған негізгі басымдықтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ал, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» облыстық филиал өкілдері Қарқаралы ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынның негізгі мақсаты партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру, өзекті қоғамдық және әлеуметтік мәселелерді талқылау болды. Сонымен бірге, аудан тұрғындарын алаңдатқан басым проблемаларды анықтау көзделді.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған ұсыныстар түсіндірілді. Өңірді дамытуға қатысты жоспарлар мен бастамалар айтылып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді. Жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, ұсыныстар талқыланды.
«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» Балқаш қаласында халықпен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Қалада баннерлер орналастырылып, насихат материалдары таратылды. Халықпен бірқатар кездесулер өткізілді.
Кездесулер барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелері, басты басымдықтары, мақсаттары мен ұсыныстары түсіндірілді. Елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық дамуына, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға назар аударылды. Сонымен бірге, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және Қазақстанның тұрақты болашағын қалыптастыру сөз болды.
Қазақстан Халық партиясының Нұра ауданының тұрғындарымен кездесу өтті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Кездесуде халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, еңбек адамының құқықтарын қорғау және өңірлерді дамыту мәселелері талқыланды.
Аудан тұрғындары әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтеріп, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, жұмыспен қамту, ауылдық елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту, жолдардың жағдайы және әлеуметтік нысандардың жұмысы сөз болды. Сонымен бірге, жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
«Ауыл» партиясының өкілдері де Қарағанды қаласында бірқатар кездесу өткізді. Мемлекеттік жерге орналастыру институты ұжымымен өткен жиында жер қатынастары мен ауыл шаруашылығы мәселелері талқыланды. Жер ресурстарын тиімді пайдалану бағыттары бойынша пікір алмасты.
Одан бөлек, Шахтинск технологиялық колледжінің ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, білім беру және кәсіптік даярлау салаларына қатысты мәселелер қозғалды. Қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
«Ақ жол» партиясы облыстық филиалы өкілдері Абай қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, сұрақтарын қойды.
Кездесуде халықпен ашық диалог орнату, өңірлердің дамуы және азаматтардың өмір сүру сапасына қатысты мәселелер талқыланды. Тұрғындар өздерін алаңдатқан мәселелерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Партия өкілдері қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Respublica» партиясының өкілдері фермерлермен кездесу өткізіп, алдағы Құрылтай сайлауына қатысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныстар мен бастамалар кеңінен түсіндірілді.
Кездесуде фермерлердің еңбек жағдайы, ауыл шаруашылығы саласын қолдау және отандық өндірісті дамыту мәселелеріне назар аударылды. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жақсарту және кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелері талқыланды. Салаға қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Жеті партияның сайлауалды науқан аясындағы кездесулерінде түрлі салаларға қатысты мәселелер қамтылды. Партия өкілдері сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттарын таныстырып, тұрғындар мен сала мамандарының пікірлерін тыңдады. Қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді.
Жәлел ШАЛҚАР
Ortalyq.kz

