Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағандылықтарды бүгін қандай ауа райы күтіп тұр?
Бүгін, яғни 18 тамызда ауа райы жылы әрі жауын-шашынсыз болады. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, қалада ауа температурасы түнде +13…+18, ал күндіз +21…+23 аралығында сақталады.

Жел оңтүстік-батыстан соғады. Оның жылдамдығы 7-12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-ке дейін жетуі мүмкін.
Айта кетейік, Қарағанды облысының кей аудандарында 18 тамызда жаңбыр жауып, найзағай болуы ықтимал. Облыс бойынша ауа температурасы түнде +12…+17, оңтүстігінде +21 градусқа дейін, күндіз +18…+23, оңтүстігінде +26 градусқа дейін көтеріледі.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



