Доскей ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қазығы қағылды
Бұқар жырау ауданындағы Доскей ауылында жаңа Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ФОК) алғашқы іргетасын қалау салтанаты өтті.

Салтанатты рәсім Доскей ауылдық округі мен жалпы Бұқар жырау ауданы үшін маңызды әлеуметтік жобаның басталғанын білдіреді.
Айта кету керек, бұл жобаның жүзеге асуына «СпецТехСтрой-09» құрылыс компаниясының басшысы А. Идрисовтың бастамасы мен ауылдық елді мекендердегі спорттық инфрақұрылымды дамытуға деген ұмтылысы мүмкіндік берді.

Компанияның бұл бағыттағы жүзеге асырып отырған жобасы алғашқысы емес. 2023 жылы А. Идрисовтың тікелей қатысуымен Қарақұдық аулында Дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынған болатын. Бүгінде аталған нысанды ауыл тұрғындары мен жастар спортпен шұғылдану және белсенді өмір салтын ұстану үшін тиімді пайдаланып келеді.
Ержан ИМАШ
Бұқар жырау ауданы



