Қарағандыда жаңа Конституцияның маңызы талқыланған форум өтті
Қарағандыдағы Достық үйінде елдің құқықтық дамуының жаңа белесін айқындаған, қоғамдық ой мен мемлекеттік саясаттың түйіскен тұсын саралаған аймақтық сарапшылық форум өтті. «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның негізі» атты мазмұнды жиын мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты тереңдетіп, құқықтық мәдениеттің жаңа сапалық кезеңіне жол ашқан маңызды алаң ретінде бағаланды.

Залға жиналған қатысушылар арасында аймақ басшылығы, сот және құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктер жетекшілері, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығы болды. Сонымен қатар, форум жұмысына облыстың барлық қалалары мен аудандарынан онлайн қосылған өкілдер де белсенділік танытты. адам, қоғам және мемлекет үшін маңызын кешенді түрде ашып отырды.

Форум барысы баяндамалармен шектелмей, мазмұнды бейнероликтермен толықтырылып отырды. Волонтерлік қозғалыс, отбасы құндылықтары, жастар бастамалары және әлеуметтік жауапкершілік тақырыптарындағы бейнежазбалар әр бөлімнің идеялық мазмұнын күшейтіп, талқыланған мәселелерге қосымша мағына берді. Осылайша, әр блок бейне-контентпен «тұздықталып», форумның эмоционалдық және тәрбиелік әсерін арттырып, қатысушыларға тақырыпты жан-жақты қабылдауға мүмкіндік жасады. Жиынды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жүргізді.

– Ата Заңның басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары, бостандықтары мен қадір-қасиеті. Сондықтан, Конституция – басты құқықтық құжат әрі әділетті қоғам құрудың, заң үстемдігін орнықтырудың және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтудың берік негізі. Конституцияның шынайы құндылығы оның қағидаттарының әр азаматтың күнделікті өмірінде нақты жүзеге асуымен өлшенеді, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Сонымен бірге, өз кезегінде аймақ басшысы форум қатысушыларына «Конституция мемлекетті қалай нығайтады?», «Бұл үдеріске әр азаматтың қосар үлесі қандай?», «Ең бастысы, Конституция қандай құндылықтарды қорғауға тиіс?» деген үш маңызды сауалды ортаға салып, осы сұрақтарға жауап іздеу форум жұмысының негізгі өзегіне айналғанын айтты. Форум бірнеше негізгі бөлімге бөлініп, әрқайсысы Конституцияның қоғам өміріндегі әртүрлі қырын ашуға бағытталды.
Алғашқы бөлімде мемлекет пен заң үстемдігі мәселелері қарастырылып, сот және құқық қорғау органдарының баяндамалары тыңдалды. Одан кейін азаматтық қоғам мен азаматтық жауапкершілік тақырыбы көтеріліп, қоғам белсенділері мен мәслихат өкіл дері сөз сөйледі. Үшінші бөлім отбасы құндылықтары мен әлеуметтік тәрбие ге арналды. Әр кезең форумның негізгі идеясын тереңдетіп, жаңа Конституцияның адам, қоғам және мемлекет үшін маңызын кешенді түрде ашып отырды. Форум барысы баяндамалармен шектелмей, мазмұнды бейнероликтермен толықтырылып отырды.
Волонтерлік қозғалыс, отбасы құндылықтары, жастар бастамалары және әлеуметтік жауапкершілік тақырыптарындағы бейнежазбалар әр бөлімнің идеялық мазмұнын күшейтіп, талқыланған мәселелерге қосымша мағына берді. Осылайша, әр блок бейне-контентпен «тұздықталып», форумның эмоционалдық және тәрбиелік әсерін арттырып, қатысушыларға тақырыпты жан-жақты қабылдауға мүмкіндік жасады. Форумның ең басты мазмұндық өзегі – Конституцияның адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін мемлекет саясатының ең жоғары құндылығы ретінде бекітуі болды. Қатысушылар бұл қағидаттың тек құқықтық норма емес, қоғамның рухани- идеялық тұғырына айналғанын атап өтті.

Форумда құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайту мәселесі ерекше назарда болды. Қарағанды облыстық сотының төрағасы Ерден Әріпов пен облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев сот жүйесінің тәуелсіздігі, заң үстемдігі және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктері жөнінде жан-жақты мазмұнды баяндамалар жасады. Олар қазіргі кезеңде құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, сот ашықтығын арттыру және азаматтардың әділетке қолжетімділігін кеңейту – құқықтық реформалардың басты бағыты екенін айтты.

Облыстық сот төрағасы Ерден Әріпов жаңа Конституция қағидаттарын тиімді жүзеге асыруда сот билігіне ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
– Тәуелсіз әрі әділ сот қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нақты қорғалуын қамтамасыз етіп, Конституцияның үстемдігін іс жүзінде жүзеге асыра алады. Осы тұрғыдан алғанда, сот жүйесінің кәсібилігін, ашықтығын және қоғамның сотқа деген сенімін нығайту – құқықтық мемлекет құрудың басты шарттарының бірі. Сондықтан сот төрелігін одан әрі жетілдіру конституциялық құндылықтарды орнықтыруға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды міндет болып қала береді, – деді Ерден Рауанұлы.
Жиында мемлекеттік басқару мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа үлгілері кеңінен талқыланды. Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов «Халық Кеңесі» тетігінің қоғамдық қатынастарды жаңғыртудағы рөліне тоқталып, азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мәдениетінің артып келе жатқанын атап өтті.
Жәлел ШАЛҚАР
Ortalyq.kz



