«Таза Қазақстан» бастамасын қолдаған волонтерлер Балқаш жағалауын тазартты
Халықаралық волонтерлер форумы қатысушылары “Мөлдір бұлақ” акциясы аясында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасына қолдау білдіріп, Балқаш көлінің жағалауында ауқымды тазалық акциясын өткізді. Еріктілер демалыс аймақтары мен жағалау аумағын қоқыстан тазартып, қалдықтарды сұрыптау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық жәшіктер орнатылып, су жағдайына мониторинг жасалды.

Акцияның мақсаты – Балқаш көлінің табиғи тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жастарды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға ынталандыру.
Одан әрі форум бағдарламасы аясында Балқаш көлінің балық экожүйесіне арналған арнайы көрме ұйымдастырылып, қатысушыларға өңірдің биоалуантүрлілігі туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, «Экология және болашақ денсаулығы» тақырыбындағы пікірталас алаңында қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері мен аурулардың алдын алу мәселелері талқылануда.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



