БалқашАймақБас тақырып
Шұғыл рейс: ТЖМ тікұшағы науқасты Балқаштан Қарағандыға жеткізді
Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы “Қарағанды – Балқаш – Қарағанды” бағыты бойынша кезекті санитарлық рейсті жүзеге асырды.

Ұшу барысында 2004 жылы туған, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін науқас арнайы әуе бортымен тасымалданды. ТЖМ тікұшағының экипажы мен медициналық бригадасы үйлесімді жұмыс істеп, науқастың қауіпсіз әрі уақтылы жеткізілуін қамтамасыз етті.

Ведомство мәліметінше, санитарлық авиация өңірлер арасындағы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыратын, шұғыл жағдайларда науқастарды жедел жеткізудің маңызды құралы.
Науқас тиісті медициналық мекемеге жеткізілді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



