Спорт

Қарағандыда турникке тартылудан 1 миллион теңгелік турнир өтеді

Қарағанды тұрғындары мен спорт сүйер қауымды Fest KrgTartylu турникке тартылу турниріне қатысуға шақырады. Жарыс 20 маусым күні сағат 18:00-де Қарағанды қаласының Орталық саябағында өтеді.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Турнирге 14 пен 35 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Қатысушылар бірнеше санат бойынша сынға түседі.

Ерлер үш салмақ дәрежесінде бақ сынайды:

* 67,5 келіге дейін;

* 67,5 келіден 82,5 келіге дейін;

* 82,5 келіден жоғары.

Әйелдер үшін абсолюттік салмақ дәрежесі қарастырылған.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен және сертификаттармен де марапатталады.

Қатысу үшін алдын ала тіркеуден өту қажет. Тіркелу @qaragandy_jastary Instagram парақшасы арқылы немесе Powertable платформасында жүргізіледі.

Жарыс күні қатысушылар салмақ дәрежесін растау үшін сағат 16:30-дан 18:00-ге дейін өлшеуден өтуі тиіс.

Көрермендерді сағат 18:00-ге шақырады. Дәл осы уақытта турнирдің негізгі кезеңі басталады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button