АймақБас тақырып

Суға батып бара жатқан жағдайда не істеу керек?

Төтенше жағдайлар қызметінің 112 бірыңғай диспетчерлік қызметі суға батып бара жатқан адамды көрген жағдайда ең алдымен көмекке шақырып, дереу 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.

Сурет 112 бірыңғай диспетчерлік қызметінен

Мамандардың айтуынша, зардап шегушіге құтқару шеңберін, арқанды, үрлемелі матрасты немесе су бетінде қалқып тұратын кез келген затты лақтырған жөн. Егер жүзуді жақсы меңгеріп, өз күшіңізге сенімді болсаңыз ғана суға түсіп көмек көрсетуге болады. Бұл ретте адамға міндетті түрде арт жағынан жақындап, басын су бетінде ұстап жағаға шығару қажет.

Құтқарушылар жағаға шығарылғаннан кейін алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңызын да атап өтті. Сонымен қатар, өз өміріңізге қауіп төндіретін жағдайларда суға түспей, кәсіби құтқарушыларды күткен дұрыс екенін ескертеді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button