ҚарқаралыАймақБас тақырып

“BaiQymyz”: 150 рет қой көтерген батыр қыз қошеметке бөленді

“BaiQymyz-2026” этно-гастрофестивалі аясында өткен қой көтеру муляжы сайысы көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Ұлттық спортты дәріптеген додада қатысушылар күш-қайраты мен төзімділіктерін сынға салды.

Сайыс барысында Тоқтар ауылынан келген азамат қой көтеру муляжын 120 рет, Ынталы ауылынан келген қатысушы 125 рет көтеріп, жоғары нәтиже көрсетті.
Ал жарыстың басты жеңімпазы Ақтөбе ауылынан келген азамат қой көтеру муляжын 200 рет көтеріп, фестивальдің үздік нәтижесін тіркеді. Көрермендердің зор қошеметіне ие болды.

Сайыстың тағы бір ерекшелігі – Қарағанды қаласынан келген батыр қыз Жанел Құсайынованың көрсеткіші. Ол қой көтеру муляжын 150 рет көтеріп, ерік-жігері мен қайсарлығын дәлелдеді. Көрермендер ерекше қолдау білдірген ару ұлттық спортта қыз-келіншектердің де әлеуеті жоғары екенін көрсетті.
Батыр қыздың табандылығы ескерусіз қалмады. Ақтоғай ауылынан оған 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталса, Қарағаш ауылының азаматтары қазақы дәстүрмен шапан жауып, құрмет көрсетті.

Аружан ЖАНКИНА
ҚарҰЗУ-дің ІІ курс студенті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button