АймақЖаңалықтар

BaiQymyz-2026: Қымызға келген жұрт кітапқа да қызықты

Фестиваль алаңында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі де көпшілік назарын аударды. Ұлттық сусын ұлықталған думанда өңірдің терең тарихынан сыр шертетін жәдігерлер қойылып, Қарқаралы жерінің археологиялық және мәдени мұрасы кеңінен таныстырылды.

Суреттерді түсірген автор

Көрмеге ұсынылған жәдігерлердің басым бөлігі Қарқаралы ауданы аумағынан табылған көне бұйымдар. Солардың қатарында Талды ІІ қорымынан табылған «Алтын адам» жәдігеріне қатысты материалдар, Едірей тауларының етегінен анықталған жебе және оқ ұштары бар.

– Бүгінгі фестиваль аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы бірқатар жәдігерді көпшілік назарына ұсынып отырмыз. Ең маңыздысы – бұл бұйымдардың көбі осы Қарқаралы ауданы аумағынан табылған. Талды ІІ қорымынан табылған «Алтын адам», Едірей таулары маңынан шыққан жебе, оқ ұштары – өңір тарихының қаншалықты бай екенін көрсететін құнды деректер. Келген көрермен көп. Әсіресе, басқа өңірлерден келген қонақтар Қарқаралының бай тарихымен танысып, қызығушылық танытып жатыр, – деді Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Серікқазы Сұлтанғазы.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button