ҚарқаралыАймақБас тақырып
Облыс әкімі қымыз өндірушілердің көрмесін тамашалады
Фестиваль алаңын аралаған Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қымыз өндірушілердің көрмесін тамашалап, әр өңірден келген шаруалардың өнімінен дәм татты.

Өңір басшысы қатысушылармен тілдесіп, қымыз баптаудың ерекшелігіне, өнім сапасына және ауылдағы кәсіптің дамуына назар аударды. Ұлттық сусынды ұлықтаған мұндай бастамалар жергілікті шаруашылықтардың еңбегін танытып қана қоймай, Қарқаралының туристік әлеуетін арттыруға да ықпал ететінін атап өтті.
Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ortalyq.kz



