АймақЖаңалықтар

«Baiqymyz» үздіктері халықтың дауыс беруімен анықталады

Қарқаралының баурайында, әсем табиғат аясында өтіп жатқан этно-фестивальге халық қалаулылары, қоғам қайраткерлері, блогерлер, мәдениет өкілдері және өңірдің түкпір-түкпірінен келген қонақтар жиналуда. Ұлттық сусынның қадірін ұлықтаған мерекеде үздік қымызды анықтауға тек қазылар алқасы ғана емес, қарапайым көрермендер де атсалысады.

Суретті түсірген автор

Ұйымдастырушылар бастапқыда халықтық дауыс беруді интернет арқылы өткізуді жоспарлаған. Осы мақсатта фестиваль алаңында арнайы интернет станциялары орнатылып, техникалық дайындық жұмыстары жүргізілген. Алайда, Қарқаралы төріне ағылған жұрттың нөпірі қалың болып, байланыс желісіне түсетін салмақ артқандықтан, онлайн дауыс беру мүмкіндігі шектелді.

Сол себепті, халықтық дауыс беру оффлайн форматта, арнайы бюллетень арқылы ұйымдастырылуда. Әр көрермен мен жанкүйер фестиваль алаңында ұсынылған қымыздардың дәмін татып, өзіне ұнаған өнімге дауыс бере алады. Бұл тәсіл байқаудың ашықтығын сақтап қана қоймай, қонақтардың мереке барысына тікелей қатысуына мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, халық таңдауы байқау қорытындысында ескерілмек. Осылайша, Қарқаралы баурайындағы қымыз додасы кәсіби сарапшылардың бағасымен қатар, көпшіліктің талғамын да таразыға салған шынайы халықтық мерекеге айналып отыр.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button