Тәттімбет көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Қарағанды қаласында жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты Мұқанов көшесіндегі автомобиль жолының құрылысы аясында 5 маусым күні сағат 11:00-ден бастап Тәттімбет көшесінің Мұқанов көшесінен «Баспана» тұрғын үй кешеніне дейінгі аралығы уақытша көлік қозғалысы үшін жабылады.

Қоғамдық көліктер уақытша өзгертілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды. Тұрғындар мен қала қонақтарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, қосымша бағыттарды пайдалануға кеңес беріледі.
Қала әкімдігі уақытша туындаған қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып, тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы көлік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге бағытталған.
Арай ЖАМАНҚҰЛ
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ курс студенті


