АймақБас тақырып

Қарағандыда «Қауіпсіз терезе» әлеуметтік акциясы өтті

Қарағанды қаласында Балаларды қорғау күніне орай «Қауіпсіз терезе» атты әлеуметтік акция ұйымдастырылып, балалар қауіпсіздігі мәселесіне қоғам назарын аударған маңызды шара өтті. Әсіресе жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау жағдайлары жиілейтіндіктен, алдын алу шараларының маңызы артып отыр.

Акция аясында Қарағанды қаласындағы 17 көпбалалы және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыға көмек көрсетілді. Оларға балаларға арналған тәтті сыйлықтар, азық-түлік пен шай жиынтықтары, тұрмыстық қажеттілікке арналған заттар табысталды. Сонымен қатар, тұрғын үй қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінді. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары отбасылардың пәтерлеріндегі терезелерге балалардың өздігінен ашып жіберуіне жол бермейтін арнайы блокираторлар орнатып, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар терезе маңында балаларды қараусыз қалдырмау, москит торына сенбеу және қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ата-аналар баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Суреттерді түсірген автор

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі көрсетілген. Ал салғырттық салдарынан ауыр жағдай орын алған кезде заң аясында тиісті жауапкершілік қарастырылады.

Шараны Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі, Балалар құқықтарын қорғау басқармасы, Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері ұйымдастырды. Акцияға Астана қаласындағы «Рука матери» қоғамдық қоры демеушілік қолдау көрсетті.

Нұрасыл АМАНЖОЛ
ҚарҰЗУ II курс студенті

Басқа материалдар

Back to top button