1 маусымнан бастап «Қарағанды – Балқаш» бағытына қосымша пойыз қатынайды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі жазғы маусымда жолаушылар сұранысының артуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы «Қарағанды – Балқаш», «Семей – Достық» және «Өскемен – Достық» бағыттары бойынша қосымша қала маңы пойыздарын тағайындайтынын хабарлады.

Бұл бағыттар өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін арттыруға және жаз мезгілінде жолаушыларды тасымалдауды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
№220/219 «Қарағанды – Балқаш» пойызы
Пойыз 2026 жылдың 1 маусымынан бастап күн ара қатынайды. Жол бойында 19 аялдама қарастырылған.
Қозғалыс кестесі:
* Қарағанды станциясынан жөнелту – 06:00;
* Балқаш станциясына келу – 12:48;
* Балқаш станциясынан жөнелту – 13:45;
* Қарағанды станциясына келу – 20:53.
Пойыз құрамында 6 вагон бар: 2 купе және 4 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы – шамамен 300 орын.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассалары және мобильді билет сату сервистері арқылы алуға болады.
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан білуге болады.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz


