Облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығына өтінім қабылдау басталды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында Қарағанды облысы әкімінің жыл сайынғы «Алтын сұңқар» сыйлығы байқауына өтінім қабылдау басталды.

Байқауға қатысуға Қарағанды облысының бұқаралық ақпарат құралдарында және Қарағанды облысында жұмыс істейтін қызметкерлер шақырылады.
Сыйлық келесі критерийлерді ескере отырып, мына номинациялар бойынша беріледі:
«Мамандыққа адалдығы үшін» – кәсіби қызмет өтілі 20 жылдан артық, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы марапаттарының, құрмет грамоталарының, озаттық белгілерінің, Қарағанды облысының қоғамдық ұйымдарының, кәсіподақтарының, діни бірлестіктерінің, мекемелері мен ведомствалардың ұсыным-мінездемесінің болуы; Сыйлықты өз мамандығына көп жылғы адалдығы, жоғары кәсібилігі және аймақтық журналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін жеке журналистке немесе журналистік ұжымға тапсырылуы мүмкін.
«Объектив шебері» – бұл номинацияда материалдың көркемдік құндылығы, бейненің статикалық еместігі және динамикасы, фото/бейнесуреттің берілген ақпаратқа сәйкестігі жеңімпазды анықтау критерийі болып табылады;
«Ауыл тақырыбын үздік жариялау» – ауылдық өңірлерді, Қарағанды облысының және жалпы Қазақстан экономикасының агроөнеркәсіптік секторын насихаттауға және дамытуға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктерді сапалық әрі сандық жағынан жариялау;
«Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау» – денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы тақырыптарды сапалық және сандық жағынан жариялау, сондай-ақ материал беруі мен кәсібиліктің бірегейлігі;
Сыйлықтар Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына лауреаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның шешімімен конкурстық негізде тағайындалады.
Сыйлыққа үміткерлерді ұсынуды газет-журнал редакциялары, телеарналар, радиостанциялар, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, сондай-ақ журналистер мен БАҚ қызметкерлері өздерін дербес ұсынады.
Байқауға қатысу үшін қатысушы http://altynsunkar.akimat09.kz/#nominations сайтындағы сауалнаманы толтырып, Word-құжатында фотосуретін, өмірбаянын және ақпараттық материалдарын (өздерінің жарияланған журналистік еңбектерінің сілтемелері) тіркеуі қажет.
Бір автор екі номинацияға ғана қатыса алады.
Әр түрлі жанрдағы материалдар (очерк, сұхбат, мақалалар, теле- және радио хабарлары, әлеуметтік тергеулер және басқалар), сондай-ақ жарияланымдар мен хабарлар циклдары қабылданады.
Байқауға өтінімдер 2026 жылғы 26 мамыр мен 10 маусым аралығында қабылданады.
БАҚ қызметкерлеріне арналған Қарағанды облысы әкімі сыйлығының лауреаттарын іріктеу жөніндегі ережеге сәйкес сыйлықты алғаннан кейін жеті жыл ішінде сыйлыққа қайта ұсынуға жол берілмейді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



