АймақБас тақырып

Қарағанды облысында металл құю зауытының құрылысы басталды

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Қарағанды облысында жаңа құю зауытының құрылысы басталды. Жобаны Polymet Solutions Corporation компаниясы жүзеге асырады. Кәсіпорын толық іске қосылғанда жылына 10 мың тоннаға дейін өнім өндіру жоспарланып, 250-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Зауыт құрылысының басталуына арналған рәсімде болашақ өндіріс орны аумағына уақыт капсуласы салынды. Жоба 2029 жылға дейін төрт кезең бойынша жүзеге асырылады.

Жаңа кәсіпорында тау-кен-металлургия және машина жасау салаларында кеңінен қолданылатын болат футеровкалар мен ұнтақтау шарлары шығарылады. Инвестиция көлемі 11,4 млрд теңгені құрайды.

Облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов бұл бастама өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтіп, жаңа өндірістік құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның айтуынша, жоба кооперациялық байланыстарды кеңейтіп, отандық жеткізушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ал Polymet Solutions Corporation ЖШС-нің бас директоры Қуаныш Қазанқапов алғашқы кезеңнің өзінде шамамен 50 жұмыс орны құрылатынын, ал зауыт толық қуатқа шыққанда кәсіпорында 250 адамға дейін еңбек ететінін айтты.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button