АймақБас тақырып
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні
Бұл күн қоғамда отбасы институтының маңызын көрсетуге, ата-ана мен бала арасындағы байланыс пен жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

Стратегиялық жоспарлау агенттігінің мәліметінше, елде 5,5 млн-нан астам отбасы бар, ал орташа отбасы құрамы шамамен 3–4 адамнан тұрады.
Қарағанды облысында халықтың басым бөлігі қалада тұрады. Облыс халқы 1,1 млн-нан астам адамды құрайды, жыл сайын мыңдаған жаңа отбасы құрылады және бала дүниеге келеді .
Соңғы жылдары Қазақстанда, соның ішінде Қарағанды өңірінде де отбасылық құндылықтарды қолдау, демографиялық өсімді ынталандыру және балаларға қолайлы орта қалыптастыру бағытында түрлі әлеуметтік бағдарламалар іске асырылып келеді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



