Балқашта туристік маусымға кешенді дайындық жүріп жатыр
Қазіргі таңда Балқаш қаласынан Тораңғалық кентіне дейін магистральдық су құбыры тартылуда. Балқаш қалалық жағажайының жағалау аймағы да абаттандырылуда.
Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ
Байланыс сапасын жақсарту үшін Балқаш бағытына 16 антенна-діңгек құрылысы мен бір базалық станция орнатылады.

Жол бойындағы сервисті дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде.

Биыл 11 жаңа жанармай құю станциясы салынады. Оның бірі – «Газэнерджи» жанармай бекеті Балқашта 26 ақпанда пайдалануға берілді.

Бұл туристік маусымда жанар-жағармай тапшылығы қаупін төмендетеді. «Қарағанды-Балқаш» бағытында төрт электрлі көлікке арналған қуаттау станциясы орнатылған.

Бес санитарлық-гигиеналық тораптың үшеуі пайдалануға беріліп, бизнеске жол бойындағы инфрақұрылым нысандарын салу үшін алты жер телімі ұсынылған.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



