АймақБас тақырыпРуханият

«Алдар. Махаббат туралы аңыз» фильмі қарағандылық көрерменін тәнті етті

Қарағандыда «Алдар. Махаббат туралы аңыз» фильмінің премьерасы өтіп, кино сүйер қауым үшін ерекше кеш ұйымдастырылды. Кеншілер мәдениет сарайының «Сарыжайлау» кинозалына жиналған көрермендер отандық туындыны алғашқылардың бірі болып тамашалады.

Суреттерді түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Кеш барысында фильмнің шығармашылық тобы көрермендермен кездесті. 

Түсірілім кезіндегі қызықты сәттер мен жобаның ерекшеліктері туралы әңгімеледі.

Қонақтар актерлерге сұрақ қойып, естелік суретке түсіп, ашық форматтағы еркін әңгімеге қатысты.

Премьераға фильмнің бас продюсері Наурыз-Бек Тастанбек, актер әрі продюсер Дәурен Серғазин, Әділ Ахметов, продюсер Нұрболсын Құлбатыр, атқарушы продюсер Темір Ахмет, актриса Ариан Худаштиан және актер Раимханов Абылайхан қатысты.

Көрермендер фильмдегі махаббат, адалдық пен тағдыр тақырыптарының әсерлі жеткізілгенін айтты. 

Көпшілік туындыны жылы қабылдады.

Тегін ұйымдастырылған премьера кеші қала жастарының ерекше қызығушылығын тудырды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button