АймақБас тақырып
Қарағандылықтар 15 мамырда дәрігерге тегін қарала алады
15 мамыр күні Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасы жанындағы Консультативтік-диагностикалық орталықта Артериялық гипертониямен күрес күніне орай Ашық есік күні ұйымдастырылады.

Акция аясында қала тұрғындары кардиолог пен нефрологтың тегін кеңесін ала алады. Қабылдау жолдамасыз жүргізіледі.
Мамандардың айтуынша, артериялық гипертония көбіне еш белгісіз дамиды. Дәрігерлер уақытылы тексеруден өту арқылы ауруды ерте анықтап, асқынудың алдын алуға болатынын айтады. Қабылдау 15 мамыр күні сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін С. Сейфуллин даңғылы, 17 мекенжайындағы Консультативтік-диагностикалық орталықта өтеді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



