АймақБас тақырыпҚарағанды
«Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автожолы орташа жөндеуден өтіп жатыр
Абай облысында республикалық маңызы бар «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» автомобиль жолының 757-790 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөнделіп жатқан учаскенің жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайды.


Жоба аясында келесі жұмыстар атқарылды:
– 9,4 шақырым аумақта суық ресайклинг әдісімен жол төсемінің негізі салынды;
– 11 700 шаршы метр аумақта жолдың ақаулары учаскелері жойылды;
– 5,8 шақырымда ірі түйіршікті асфальтбетон жабыны төселді.

– Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда. Құрылысқа 17 бірлік арнайы техника жұмылдырылған, – дейді ҚазАвтоЖол.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



