АймақБас тақырыпҚарағанды
Экология және табиғи ресурстар министрі облыс тұрғындарымен кездеседі
Қарағанды облысының тұрғындарын ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевпен өтетін кездесуге шақырады. Кездесу 15 мамыр күні Теміртаудағы Қарағанды индустриялық университетінің ғимаратында (Республика даңғылы, 30) өтеді.

Кездесу сағат 10:00-де басталады. Тұрғындармен жүздесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау да жоспарланған.
Жеке қабылдауға 14 мамырды қоса алғанға дейін 8-778-592-39-55 телефоны немесе s.bulkebaeva@ecogeo.gov.kz электрондық поштасы арқылы жазылуға болады.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі



