АймақБас тақырып

Ермағанбет Бөлекпаев майдангер Мария Ефимовнаны Жеңіс күнімен құттықтады

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев соғыс ардагері Мария Ефимовнаны арнайы барып құттықтады. Өңір басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күніне арналған құттықтауын жеткізді. Майдангерге құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын табыстап, жылы лебізін білдірді. 

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Мария Ефимовна 1925 жылы 13 сәуірде Қарағанды облысының Ростовка ауылында дүниеге келген. Ол 1944 жылы, 19 жасқа толған күні әскер қатарына шақырылды. Мәскеудегі әйелдер мергендер мектебінде білім алып, кейін 3-Беларусь және Украина майдандарында мерген ретінде қызмет атқарған. 1945 жылдың тамызына дейін майдан даласында болып, Жеңіс күнін Прагада қарсы алды.

Майдангер ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен, «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Жуков» медальдарымен, «Украинаны азат еткені үшін» төсбелгісімен және өзге де марапаттармен наградталған.

Соғыстан кейін елді қалпына келтіру жұмыстарына белсене араласып, бейбіт өмірде де адал еңбек етті.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button