Ресми

Жақып Асанов Президент жанындағы комиссияны басқарады

Мемлекет Басшысының Жарлығымен ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Қажманұлы ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Төрағасы болып тағайындалды.

Сурет ҚР Парламенті Сенаты

Жақып Асанов 2016-2017 жылдары ҚР Бас Прокуроры, 2017-2022 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына Сенат депутаты Жанна Асанова енді. Ол ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button