ОсакаровАймақБас тақырып

Ардагер Анна Котоваға Президенттің құттықтау хаты табысталды

Осакаровка кентінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Анна Никоноровна Котоваға Жеңіс күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атынан құттықтау хат табысталды.

Суреттер облыстық мәслихаттан

Ардагерге құрмет көрсету шарасына Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов,  депутаттар Абсалям Карин, Асқар Оразбеков, Сұлтан Шаймағанбет және Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов қатысты.

102 жастағы Анна Котова 1943 жылы 18 жасында 2-ші Украина майданына аттанып, медбике ретінде жаралы сарбаздарға көмек көрсеткен. Ол Жеңісті Венгрияда қарсы алған.

Соғыс жылдарындағы ерлігі үшін ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін денсаулық сақтау саласында ұзақ жыл еңбек еткен.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button