АймақБас тақырып

Тәттімбет көшесін Майқұдықпен байланыстыратын жаңа магистральдің құрылысы жүріп жатыр

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев әлеуметтік желідегі парақшасында қаладағы жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары туралы айтты.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Өңір басшысының айтуынша, Қарағанды кеңейіп, жаңа аудандар салынып, көлік ағыны артып келеді. Осыған байланысты қалаға заманауи жол инфрақұрылымы қажет. Қазіргі уақытта Тәттімбет көшесін Майқұдықпен байланыстыратын жаңа магистральдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоба аясында былтыр жолдың бір бөлігі салынса, биыл жолдың негізін жасау жұмыстары жалғасуда. Бұл жоба көлік қозғалысын жеңілдетіп, спорт нысандары мен саябағы бар жаңа шағын ауданның дамуына серпін береді.

Сонымен қатар ұзындығы 1,4 шақырым болатын Приканальная көшесінде де құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Аймақ басшысы Спасское тас жолындағы жұмыстарды да тексерген. Оның айтуынша, әуежай бағытына қарай 9 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сондай-ақ бөлу жолақтарын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Ермағанбет Бөлекпаев қала көркейіп, тұрғындарға жайлы әрі өмір сүруге қолайлы болуы үшін жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатынын атап өтті.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button